Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин Джеймс Бонд стилінде суретке түсті

Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әйгілі Джеймс Бондтың стилінде суретке түскен. Белгілі брендтің жарнамалық бейнесіне айналған Илья сурет туралы ойымен бөлісті.

106eb5c7f512d7e80c33064d17bfc930

Сурет instagram.com/ilyailyin_official

Илья Ильин өзінің Инстаграмдағы парақшасында суретті жариялап, оқырмандарына сауал тастаған. Танымал британиялық із кескіш агент бейнесінде суретке түсу үшін ол қара стилді смокинг киіп, шаш үлгісін де өзгерткен.

“Барлығыңызға қайырлы күн! Менің жаңа Бонд образымды бағалаңыздар!”, – деп жазды олимпиада чемпионы. Ильяның жаңа Бондиандық бейнесі спортшы жанкүйерлерін таңқалдырған. Тіпті желі қолданушылары “Илья Бонд” деп те пікір қалдырған.

1df70414fe37d48e42bf008d0e844b91

Кейбіреулері спортшының түр-тұлғасы “Үлкен жарылыс теориясы” ситкомындағы кейіпкер Шелдон Куперге ұқсайды деп жазыпты.

Талқылау