Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин: Жаттықпағаныма бір ай болды, зауқым жоқ

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жарыстан шеттетілгеннен кейінгі өмірі туралы айтып берді.

0303_2

Фото: instagram.com/ilyailyin_official/?hl=ru

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Ауыр атлетика халықаралық федерациясы Илья Ильиннен 2008-2012 жылдары алынған допинг-сынамаларының расталғанын хабарлаған болатын. Артынша спортшы Рио Олимпиадасынан шеттетілді.

Басылымның хабарлауынша, дәл қазір Илья Францияда жүр. Ол жерге “Тур де Франсты” көріп, допинг сынамалары туралы ақпаратқа көз жеткізу үшін кеткен екен. Мұнымен қатар, ауыр атлетші немен айналысып жүргені туралы айтып берді.

“Мен де өздеріңіздей адаммын. Сондықтан допинг туралы жаңалықты естіген кезде қатты таңырқадым. Кейін сабама түсе бастадым. Дайындалмағаныма бір ай болды, зауқым соқпай жүр. Залға барып жүрмін, бірақ жарысқа қатысатын жігіттерге қолдау көрсету үшін ғана.

Осыған дейін бар уақытымды отбасым мен спортқа арнаған болатынмын. Арасында елді-елді аралап саяхаттадым. Алғашында Новосібірде болдым, кейін Абхазияда. Бұдан кейін Женеваға ұшып, қазір Францияда жүрмін”, – дейді ол. Ал допинг мәселесіне қатысты қолында бар ақпаратты әзірге жасыра тұруды жөн көрді.


Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильиннің жеке бапкері өзінің қызметтен кететінін мәлімдеді

Илья Ильин Англияға қоныс аударатын болды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды

Илья Ильин: Мен Владимир Седовты құрметтеймін және бағалаймын

Талқылау