Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин жетім балаға білім беру депозитін ашты

Атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин жаңа жыл қарсаңында балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім беру депозитін ашып, қайырымдылық эстафетасын жалғастырды.

72761ddb4c3b8f077843a04a116cfaa2_crop_l_46_t_57_w_940_h_529

Жаңа жыл қарсаңында атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин аяз ата роліне еніп, 13 жастағы қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі – Владимир Мигуновқа атаулы білім депозитін ашу арқылы қолдау көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Осылайша, жетім балалардың атына білім депозитін ашып және толтырып отыратын Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Серік Сәпиев және Василий Левит қатысқан қайырымдылық эстафетасын жалғастырды.

Ильин білім депозитін ашу кезінде жеке қатысқан Василий Левит эстафетаны табыстады.

«Бұл, шын мәнінде, жақсы іс. Депозиттің бұл түрін кез-келген адам аша алады. Барлығына өз балаларына немесе көмек көрсеткісі келген адамға аш дер едім. Және осы эстафетаны, өзімнің әріптесіме, Илья Ильинге беремін», – деді Левит.

Білім және Ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы.  Мұндай мүмкіндіктің бар екенін біле сала, Илья Ильин бірден балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім депозитін ашуға ниет білдірген.

Ол бірден тіл табыса кеткен, қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі Владимир Мигуноты таңдады. Білім депозитін ашуға керекті құжаттарды толтырып, депозитке алғашқы жарнаны салғаннан кейін Илья Ильин баламен әрқашан байланыста болатынына сөз берді.

«Қолымнан келгенше көмек көрсетіп отырамын. Енді, мен шынында да нағыз үлгі болуым керек. Сенің болашақтағы біліміңе ғана жауапты емеспін, сонымен қатар өмірдегі дурыс жолды көрсетуге, қолымнан келгенше саған көмек көрсетуге тырысамын», – деді Ильин.

Спортсменнің айтқан сөздеріне риза болған Владимир Мигунов, атақты ауыр атлетке жақсы оқуына сөз берді.

Енді, Илья Ильин тағы да бір балаға жарқын болашақтың кепілі болатын лайықты білім алуға мүмкіндік берді. Шынында, ол оған әлдеқайда көп нәрсе берді, яғни жақсылыққа деген сенім.

Бұған дейін Левиттің жетім балаға арнап білім беру депозитін ашқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Қостанайда Сәбина Алтынбековаға бәсекелес ару пайда болды (фото)

Танымал футболшымен бәстескен қазақстандық жігіт 40 градус аязда жалаңаш жүрді

Талқылау