Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлем бойынша ең үздік атанды. Спортшыларға дауыс беру халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтында жүргізілген.

8dbcbae87be6689a12826a00db53f87d

Сурет bnews.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Ал әйелдер арасында бұл атаққа қытайлық Сюй Шу-Чин қол жеткізген. Екі жеңімпаз да 2000-нан астам дауыс жинаған. Ильяның 2015 жылдың үздігі атануына Грозныйда өткен Ресей Президентінің жүлдесін жеңіп алып, екі әлемдік рекорд орнатуы себеп болды. Қазақстандық ауыр атлет бұл атақты екінші жыл қатарынан, ал жалпы кәсіби мансабында төртінші рет жеңіп алып отыр. Әлемнің ең үздік ауыр атлеті атағына Илья 2005, 2006 және 2014 жылдары қол жеткізген еді.

Қазір Илья Ильин Польшада оқу-жаттығу жиынында жүр. 2016 жылдағы оның басты мақсаты – Рио олимпидасында топ жару. Ол алдағы олимпиадада үшінші мәрте жеңімпаз атануды көздеп отыр.

Талқылау