Ильин қаржыгер болуды жоспарлап жүр

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 18:38

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин шетелде білім алуды жоспарлап отыр. Соңғы кездері спортшының қаржы мамандықтарына қызығушылығы оянған.

56956f629e5b759e41d3d88448802c3f_XL

Сурет: khabar.kz 

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне чемпионның бапкері Ержас Болтаев мәлімдеді.

«Оқу жоспарда бар, алайда әзірге оқу орны мен уақыты белгісіз. Барлығы өзгеруі мүмкін, дейтұрғанмен оның жоспарында оқу ең алдыңғы кезекте тұр. 2013-2014 жылдары ағылшын тілін меңгергенін жақсы білесіздер. Қазір ол ағылшын тілінің барлық деңгейін өтуді ойлап жүр, тек содан кейін барып қана мамандық таңдайды», – дейді бапкер.

Оның айтуынша, Ильин спорт менеджменті, спорт психологиясына қызығады, соңғы уақытта қаржы және экономикалық мамандықтарға да аңсары ауған.«Барлығы қазір жүріп жатқан процестің (допинг дауына қатысты шешім – ескерт.) қалай аяқталатынына байланысты. Сол себепті ол оқуға Лондонға барады деп нақты кесіп айта алмаймын. Англияны емес, Американы да таңдап қалуы мүмкін. Илья әзірге бір тоқтамға келген жоқ», – деп толықтырды Болтаев.

Бұған дейін Илья Ильин және тағы қазақстандық үш олимпиада чемпионы допинг қабылдады деген айыппен сайыстардан шеттетілген болатын. Кейінірек мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильяның Рио олимпиадасына қатыспайтындығын да айтқан. Әлі халықаралық федерация бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамады.

Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин Англияға қоныс аударатын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар