Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іле-Алатау ұлттық саябағында фото мен бейнетүсірілімдер ақылы түрде іске асады

Іле-Алатау ұлттық саябағының басшылығы бүгін Үлкен Алматы көлінде фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салынғандығы туралы ақпарат жайында түсініктеме берді.

park2305

Фото: Олег Белялов

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетелік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы көлінде тыйым салынған қызметтердің тізімі ілінген тақтаның фотосуреті пайда болған еді. Онда әуесқой және кәсіби фото және бейнетүсірілімдер жасауға да болмайтындығы көрсетілген болатын.

Өз сөзінде Іле-Алатау ұлттық саябағының бас директоры Марлен Айнабеков әуесқойлық сипаттағы фото және бейнетүсірілімдерге тыйым салынбағандығын атап көрсетті.

«Туристерге суретке түсе берулеріне болады. Бірақ, кәсіби түрде фото және бейнетүсірілім жасауға тек арнайы келісім негізінде ғана рұқсат беріледі. Егер фильм немесе клип түсіргіңіз келсе, онда арнайы тариф бойынша төлем жасау керек болады. Мұндай талап, бұрын да болған, Іле-Алатау ұлттық саябағының әлеуметтік желілердегі парақшасында да бар. Біз биыл саябақта жаңарту жұмыстарын жүргіздік. Солардың ішінде тақталардағы ақпаратты аздап өзгерттік. Қосымша, саябаққа келу ережесін ілдік», – деді Айнабеков.

Талқылау