Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр

Ішкі тәртіпті кірпік қақпай күзететін ІІМ таратылған жалған ақпараттың авторын іздеп жатыр. Соңғы 2-3 күндікте доллардың шарықтай көтерілуі себепті, қазақстандықтарды азық-түлік бағасы да аспандап кетпес пе екен деген қорқыныш алаңдатып отыр. Осыған қатысты «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы үрейлі хабар таратылыпты.

76955a89a618cb4b641d398565_91440791

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматылық Екатерина Носова әр таңын долларға қатысты өзгеріс естумен атқызуға үйреніп те қалды. Оған жақында әлдекімдер доллар курсы 500-ге дейін көтеріліп, азық-түлік пен өзге де заттар бағасы күрт қымбаттайды деп хабарлама жіберіпті. Ол мұны мейлінше шын ақпарат деп қабылдапты.

«Қазір долларға қатысты бір ғана жаңалық бар. Тек көтеріліп жатыр, көтеріліп жатыр. Адамдар да осыған байланысты бұрынғыдай көп қыдырмайтын болған секілді. Барлық жерде жалға берілу азайды, бәрі қымбаттап жатыр. Дүкендер жабылуда», – дейді ол.

Ал, әлгі жіберілген хабарлама жоққа шығарылып, ІІМ кім жібергенін анықтауға көшкен. Сарапшылардың айтуынша, бұл нағыз арандату. Арнайы әдіс-тәсіл, дайындықсыз мұндай қоғамдық мәндегі хабарлама дайындай салу оңай емес көрінеді.

«Мұндайда біреулер ешкім білмесін, байқамасын деп әдейі бірнеше телефон сатып алады. Сосын соның біреуіне сим карта салып, ақпаратын тарата береді», – дейді интернет-технологиялар маманы Станислав Игнатов.

Қазіргі таңда қазақстандықтар келуі мүмкін вирустардан қорғалмаған «WhatsApp» мессенджерін жиі қолданады. Ал мұндай спамдарды бұғаттап тастауға, бұл компанияның Америкадағы мамандары ғана қауқарлы. Сондықтан бізге қалғаны тек мұны кімнің жасағанын анықтауға тырысу екен.

«Халық арасында жалған ақпарат таратқанға 1000 АЕК салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айрылады. Ал егер, мұндай ойларын “WhatsApp”, “Viber” тағы да басқа осындай желілер арқылы жасаса онда 2 жылдан 5 жылға дейін түрмеге тоғытылып, 5000 АЕК айыппұл арқалайды», – дейді заңгер Серік Айтбаев.

Айтпақшы, айырбастау орындарында доллар 384 теңгеден сатылған. Демек, алдағы үш күнде АҚШ долларының 500-ге дейін қымбаттау бола қоймайтын секілді.

Талқылау