ІІМ жүргізушілерге айыппұл салған бала полицейге қатысты түсініктеме берді
Полицейлер жолда жүргізушілерді тоқтатып, оларға айыппұл салып, ақша алған кішкентай баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік желіде пайда болған видеода полицей киімін киген бала жолда жүргізушілерді тоқтатып, олардан құжаттар талап етеді және айыппұл салады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Бір видеода ол 100 теңге, екіншісінде 200 теңге ақша алады
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады
Талқылау