Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ велосипедшілердің қалай және қайтіп қозғалуы керектігін түсіндіріп берді

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев велосипедшілерге қатысты жол қозғалысы ережесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Тұрғымбаевтың сөзінше, велосипед жолағында және велосипед жолында жасына қарамастан велосипед және мопед жүргізушілері жүре алады.

Ал егер велосипед жолы мен велосипед жолағы болмаған жағдайда велосипедшілер мен мопед тізгіндеген 14 жастан асқан адамдар көлік жүретін жолдың оң жақ бөлігін пайдалануы тиіс. Оның ішінде қоғамдық көлікке арналған жол бөлігі де пайдаланылады.

Ал егер жасы 14-тен кіші велосипедшілер арнайы жол мен жолақ болмаған жағдайда, тек тротуар және жаяу жүргіншілер жолағымен ғана қозғала алады. Не болмаса велосипедші көлігінен түсіп, оны жетекке алып жүруі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 24 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Кеденшілер Қазақстанға айфон әкеліп сататындарға ескерту жасады

Петропавлда прокуратура ғимаратына қарама-қарсы қанды маникен ілулі тұр

Атырауда көлік жүргізушілері жол үстінде бір-бірін аяусыз сабады (видео)

Талқылау