Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ өрттен көз жұмған астаналық қыздар туралы: Олардың оянуға да мүмкіндігі болмаған

Астанада қайғылы жағдайда қаза болған 5 қыздың өлімінің мән-жайын еліміздің ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтып берді.

ІІМ өрттен көз жұмған астаналық қыздар туралы: Олардың оянуға да мүмкіндігі болмаған

Министрдің орынбасарының сөзінше, өрт мұржаны орнатқан кезде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Қыздарға иіс тиіп қалған. Үй өртене бастаған кезде олардың оянуға да мүмкіндігі болмаған. Мұржа шатырдың сыртқы жиегімен жанасып тұратындай етіп кірпішпен қаланбаған. Ол жерде тек құбыр мен жылытқыш болған. Өрттің шығуына осы себеп болды», – дейді Ильин.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау