Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ оқушыны ұрған сәтін видеоға түсіріп жариялаған жасөспірімдер жайлы айтты

Полиция мектеп оқушыларын ұрып-соғып, видеоға түсірген жасөспірімдерді анықтады.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы байланыс департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты.

«Ішкі істер министрлігі бейнематериалдарға дереу жауап беріп, таратылған ақпараттарды нақтылау үшін шаралар қабылдады. Видео 18 қаңтарда Түркістан қаласында түсірілген. Бұзақылық әрекеттерге қатысушылардың барлығы анықталды», – деді Садубаев.

Оның айтуынша, алдын ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстың негізінде жүргізіледі («Адамдар тобындағы бұзақылық»).

«Жасөспірімдер зардап шеккен жағдайларды ескере отырып, Ішкі істер министрлігі бұл жағдайды мұқият зерттеп, аймақтық әкімдіктер алдында алдын-алу шараларының кешенін жасауға ниетті», – деді ол.

21 қаңтарда әлеуметтік желілерде жасөспірімдер тобы төменгі сыныптағы балаларды физикалық және моральдық қорлауға ұшыратты.

Жасөспірімдер оқушыларды тізелетіп отырғызып, ұрып-соқты және денесіне секірді. Оқушылардың бірінің тілін темекімен күйдірем деп қорқытты. Олар қазақ тілінде сөйлеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау