Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ІІМ: Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде 9 журналист тұтқындалған

Биылғы жылдың 9-10 маусымында еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болған митингілер кезінде 9 журналист тұтқындалған. Бұл туралы ІІМ-ның әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

ІІМ: Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде 9 журналист тұтқындалған

«Журналистердің тұтқындалуына тоқталсақ, бүгінде бізге 9 жағдай туралы белгілі. 9-10 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу шаралары қолданылған кезде журналистер де ұсталған. Алайда тұтқындау кезінде олардың қандай да бір айрықша белгілері, БАҚ өкілдері екенін білдіретін белгілері болмаған. Яғни қолдарында микрофон, видеокамера болған жоқ. Олар жай ғана ұялы телефонның камерасына түсіріп жүрген. Тағы да атап өтсем, оларда ешқандай белгі болған жоқ», - дейді Байболов. 

Сонымен қатар ол «тұтқындалғандардың БАҚ өкілдері екені анықталғаннан кейін, бірден босату шаралары қабылданғанын» атап өтті. 

«Тұтқындалған журналистердің ешқайсысы әкімшілік немесе басқа да жауаптылықтарға тартылған жоқ», - дейді комитет төрағасы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр