Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Қазақстанда рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ

Елімізде заңсыз митингілер тіркелген жоқ. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа мәлім етті.

лепехааа

Бұл туралы  Қазақпарат жазды.

Оның айтуынша, Астанада митингті ұйымдастыруға тырысқан бір топ азамат ұсталған.

«Біз митингті болдырмау үшін жұмыс істедік. Дегенмен бүгін бір топ азамат заңсыз митинг ұйымдастыруға және өткізуге тырысты. Сондықтан біздің қызметкерлер оларды құрықтады. Кейін олардың тұлғалары анықталып, не үшін келгендері белгілі болған соң, олар босатылды», – деді Лепеxа.

Ол, сондай-ақ, оқиға орнында ұсталған журналистерге қатысты да біраз түсініктеме берді.

«Иә, өкінішке орай, олардың ішінде журналистер де болды, бірақ ол біздің тарапымыздан әдейі істелген жоқ деп есептеймін. Ол жерде түсініспеушілік туды деп ойлаймын. Алдағы уақытта біз осындай келеңсіздіктер болмас үшін қызметкерлеріміздің әрекеттерін саралайтын боламыз», – деді комитет басшысы.

«Бүгінгі уақыт бойынша айтарым бұл өте аз уақыт, сондықтан нақты сандар келтіре алмаймын. Осы жағдайды саралап жатырмыз. Бір анығы елде заңсыз митингілер тіркелген жоқ, полициямен қақтығыстар орын алмады, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Кейінірек толыққанды ақпарат болады», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін «Бәйтерек» монументі алаңында ішкі істер органдары ұстаған бір топ азаматтың ішінде өз кәсіби қызметтерін атқарып жүрген журналистер де болғаны анықталды. Кейін тілшілер босатылған болатын.

 

Талқылау