Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі барлық полицейлерді қызметінен қууға дайын

Еліміздің ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов егер біздің жол полицейлері керекті техникалармен қамтамасыз етіліп, жалақылары жоғары болса онда шетелдік әріптестерінің деңгейіне көтерілер еді деп мәлімдеді.

877

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.

Ол Қазақстан ІІМ өкілдері Грузияға бірнеше рет тәжірибе алмасуға барғанын атап өтті.

“Олар барлық полицейлерін түгелдей жұмыстан шығарып, жалақыны екі есе көбейтіп, қайтадан жасақтаған. Бізде сол қадамға баруға дайынбыз”, – деді Қасымов парламенттегі тыңдалым кезінде.

Министр қазақстандық тәртіп сақшыларының жалақысы аз екенін мойындады.

“Бюджетті бекіткен кезде мен тек жылдам-тергеу қызметі үшін ғана жалға беру тұрғын үй мәселесін шеше алатынымызды айттым. Және 2016-2015 жылдары патрулді-бекеттік полиция қызметі үшін осы мәселе шешімін табуы тиіс еді. Бірақ бюджет жетіспеушілігі кесірінен бұл жағдай оң шешілмеді. Олар негізінен баспанасы жоқ жастар. Сол себепті біз қала әкімдеріне хабарласып, баспанамен қамтамасыз ету үшін жатақхана тұрғызып беруді сұрап отырмыз”, – деді министр.

“Бәрі айтады: полицияны Америка, Германия елдеріндегідей етіңдер деп. Біз олардың тәжірибесінің бәрін қарап шықтық. Егер біз оларды жалақымен, техникамен, герман және америка полициялары пайдаланатын басқа да мүмкіндіктермен қамтамасыз етсек онда сол нәтижеге біз де жетер едік”, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Қасымов бұл саладағы жемқорлықты тоқтату үшін қатаң шараларды қолға алатынын да қадап айтты.

Оқи отырыңыз:

Мұрат Әбенов студенттерге магистратурада оқудың неліктен қажетсіз екенін айтты

Азиялық қыздар жаңа эротикалық флешмоб бастады (видео)

Жүздеген адам анасы тастап кеткен қыздың жерлеу рәсіміне келді (фото)

Саясаттанушы сауда орталығындағы сатушының қазақша сауалына жауап бермей дауласқанына ашынды

Талқылау