Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"ІІМ атынан кешірім сұраймын": Марат Қожаев журналиспен болған жағдай туралы

Алматы қаласы полиция департаменті журналиске шабуыл жасалуы туралы фактіге сәйкес, тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. ІІМ өкілі өз кезегінде журналистен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Сіздердің әріптестеріңіз қоғамға қарсы қозғалысты күшпен тоқтату фазасында қалып қойған екен. Расымен де, осы кезде ол ұсталып жатқан азаматтар жүрген жерге жақын маңда болған. Жилеті де, бейджі де болмаған. Расымен де, ұсталды. Кейін мән-жай анықталған соң, ол босатылды. Болған жағдай үшін мен ІІМ атынан кешірім сұраймын", - деді Марат Қожаев. 

Сондай-ақ, ол кінәнің басым бөлігі журналистің өзінде екеніне тоқталды. Айтуынша, сол сәтте оның БАҚ өкілі екенін білдіретін арнайы белгілері болмаған. Алайда полиция қызметкерлерінің өз дәрежесін пайдаланғаны анықталса, міндетті түрде жазаланатынын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматы қаласы полиция департаментінің журналистің жарақат алуына қатысты қызметтік тексеріс бастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр