Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған ер адам бұрын әйел өлтіру қылмысына қатысқан

Алдын ала деректер бойынша, Алматыдағы атыс барысында ұсталған күдікті 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

12557723

Фото: Reuters

Алматыда тәртіп сақшылары мен белгісіз топ арасында болған атыс барысында ұсталған күдікті бұрын да әйел өліміне қатысы бар адам ретінде күдікке ілінуде.

18 шілде күні таңғы сағат 11 шамасында Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне бір топ қарулы адам шабуыл жасаған болатын. Олар кіреберіс бекетте тұрған тәртіп сақшысын жаралаған. Осыдан соң полицейдің қаруын иеленген қылмыскерлер ол жерден қашып кеткен.

Кейінірек олардың ізіне түсу барысында тағы екі тәртіп сақшысы ауыр жараланған. Тіпті екі полицейдің қаза тапқаны да жарияланды. Ал қарулы қақтығыс кезінде “Қазақконцерт” АҚ аумағында күдікті қолға түседі. Ұстау кезінде 2 тәртіп сақшысы жараланған.

“Өкінішке орай, қылмыскерлер бұрын қала тұрғынының көлігін тартып алмақшы болған. Нәтижесінде жарақат алған көлік жүргізушісі қайтыс болады. Ал алған жарақаттан үш полицей көз жұмды”, – деп хабарлады ҚР ІІМ. Ұсталған 27 жастағы Қызылорда облысының тумасының бұрын әйел өліміне де қатысы бар деп күдікке ілінуде.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскенболатын. Сәйкесінше, қалада террорлық қауіптіліктің “қызыл” деңгейі белгіленді.

Талқылау