Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі терактіге қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдары сәрсенбі күні таңертең Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысы бар делінген тағы бір күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ арнайы өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.

41414141

Сурет dw.com

“Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында 5 маусым күнгі шабуылға қатысқан күдіктілердің бірі ұсталды. Өзге алты күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасуда”, – деді ол.

Сонымен қазіргі таңда 13 терроршының көзі жойылса, алтауы әлі іздеуде жүр.

Оның айтуынша құқық қорғау органдары мен арнайы органдар күдіктілерді іздеуді арнайы шаралар арқылы жүзеге асыруда. Соынмен қатар олар Ақтөбе қаласы аумағындағы қауіпсіздік пен тәртіпті қатаң бақылауда ұстап тұр. Сәдубаев жалпы республикадағы жағдай тұрақты деп атады.

Белгісіз адамдар тобы осы жексенбіде қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы бар болуы мүмкін деп атады.

Талқылау