Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Казкоммерцбанк” АҚ екі сайтты өздеріне жала жапты деген күдікпен сотқа берді

«Республика», «Накануне.кз» сайттары  «Казкоммерцбанк» АҚ қатысты мақаласы үшін жауапқа тартылды. Сот алды тергеу ісінің мамандары  жарияланған мақала тапсырыспен шыққанына сенімді.

накануне

«Мақаланың тапсырыспен басылғаны анық. Онда жалған ақпарат берілген. Материалдың мағынасында арандатушылық ниет те бар. Айтылған сөздерде нақты дерек көзі жоқ»,-дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Құзырлы орган «Республик», «Накануне.лз» сайтына шыққан мақала үшін ұжымның қомақты қаржы алғанына сенімді. Сондай-ақ, тапсырыс берген адам басылымның жұмысын үнемі қаржыландырып келген болуы мүмкін деп болжайды.

Аты аталған БАҚ-тарға  қатысты сот алды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы қалалық полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, істі анықтау үстінде.

 

 

Талқылау