Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған апатқа қатысты тергеу жүргізуде

22 маусым күні болған жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Астана ІІД-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ІІД Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған апатқа қатысты тергеу жүргізуде

Жол-көлік оқиғасы фактісі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сондықтан да қылмыстық істі қозғауға қажетті материалдар толық жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 26 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Ал «Hyundai» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы астаналық әйелдің үстінен тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысын астаналық ІІД басшылығы бақылауында ұстап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау