Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД мас күйінде көлік тізгіндеген полицейге қатысты пікір білдірді

Қостанай облыстық полициясы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталғаннан кейін қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Бұл туралы өңірлік «Наша газета» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, ҰҚКБ қызметкері наурыздың 16-сынан 17-сіне ауған түні жол полициясы қызметкерлерімен ұсталған.

Қазіргі уақытта ҰҚКБ қызметкерінің ұсталуына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған мәселені ІІД басшылығы бақылауына алды», – деп мәлімдеді өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Ресми емес мәлімет бойынша, ұсталған полицей қымбат мемлекеттік нөмірлі Toyota маркалы автокөлігін тізгіндеген.

Ереже бойынша, мас күйінде көлік тізгіндеген полицейлер қызметінен босатылады.

Оқи отырыңыз:

Үйінен қашып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім Алматы облысынан табылды

ШҚО-да киіміне ақша жапсырып алған жас жігіт көшеге шығып, жұртқа ақша таратты (фото)

Жаңаөзенде үйі өртеніп, баспанасыз қалған жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрады

Астана әкімі қаланың су тасқынға дайындығын тексерді

Талқылау