Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД: Бестөбедегі төбелесті экстремизммен байланыстырудың еш қисыны жоқ

Бестөбедегі кенде жанжал шығарған жұмысшылар күзетті өз араларынан қойып, жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Барлық талап бойынша тиісті жауаптар алдағы үш жұмыс күні ішінде, сәрсенбіге дейін беріледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қазақалтын» ТМК» АҚ бас директорының кеңесшісі Марат Қойшыбаев мәлім етті.

бестөөөөөбеее

Өз кезегінде, Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Пинчук төбелесті экстремизммен және саяси оқиғалармен шатастырмауды өтінді.

«16 маусым күні алтын өндіру комбинаттарының бірінде ауысым кезінде жұмысшылар мен күзет құрылымының өкілдері арасында жанжал болды. Жұмысшылар күзетшілердің жеке заттарды тексермек болғанына наразы болған. Арадағы жанжал бұзақылыққа, одан әрі жаппай төбелеске ұласты.

Төбелес кезінде қос тараптан да зардап шеккендер болды, олар ауруханаға жеткізілді. Аталған нысанға жақын орналасқан патрульдік жасақтар оқиға орнына келді, кейін прокуратура, әкімдік, Степногор ІІБ де келіп жетті. Олар оқиғаның одан әрі ушығуына жол бермей, адамдармен әңгімелесіп, оларды үйіне қайтарды», – деді Пинчук.

Департаменттің баспасөз хатшысының айтуынша, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама белгіленген, одан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі.

«Жанжал салдарынан 10 адам жарақат алды. Осы тұста айта кетсем: түсініктеме алуға хабарласқан БАҚ өкілдерінің дені «Бестөбе кентіндегі атыс қалай болды?» деп сұрап жатыр.

Онда ешқандай атыс болған жоқ. Күзет өкілдерінің бытыралы қару қолданғаны рас. Бұған қоса БАҚ бұл келеңсіздікті саяси оқиғалармен байланыстырып жатыр. Әрине, мұны жай ғана бұзақылық деп айтуға болмайды, жаппай төбелес орын алып отыр. Алайда экстремизммен байланыстыру да еш қисынсыз», – деп атап өтті Пинчук.
Қазір шахтада жағдай тұрақты.
«Бұдан кейін жанжал болған жоқ. Әкімдік, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жұмысшылар өздерінің шағымын айтып, не себепті наразылық танытқандарын түсіндірді», – деді ІІД баспасөз хатшысы.
Өз кезегінде, Марат Қойшыбаев жұмысшыларың қанлай талап қойып отырғанын толығырақ баяндап берді.
«Кездесу «Рауан» кинотеатрында өтті. Жігіттердің бірқатар талабы бар. Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында компания әкімшілігі бұған қатысты жауаптарын айтады.

Жігіттер экономикалық қауіпсіздік департаменті қызметін алып тастауды талап етуде. Кеңес кезіндегідей әскери күзет қоюды сұрап отыр. Кеніш басшылығын алып тастауды да талап етіп отыр. Яғни олар барлығы өз араларынан болғанын қалайды. Алайда бұлай болуы мүмкін емес, себебі бұл ерекше режимдегі кәсіпорын (келесі жылы өндіріс ошағына 85 жыл болады), ерекше еңбек шарттары бар. Олар мұны ұғынуы тиіс. Бүкіл басшылық атынан сөйлегелі жатқаным жоқ, жұмысшылар ұсынған әр тармақ бойынша тиісті жауаптар беріледі.

Жұмысшылардың тағы бір талаптарының бірі – еңбекақыны 50 пайызға көтеру. Алайда мұны да мұқият санап, жан-жақты саралаған абзал. Алатын жалақың істеген жұмысыңа қарай төленеді. Қаржыгерлер, экономистер, заңгерлер мен басшылық бұл мәселені пысықтайды. Үш күннен кейін жауаптарын айтады деген ойдамын», – деді Қойшыбаев.
«Әрине, жағдай көңіл көншітерлік емес. Дегенмен кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп тұр. Келесі күні түскі бірлер шамасында фабрика мен кен іске қосылды. Кешке таман, түнде осы оқиғаға байланысты жұмыс тоқтады. Негізгі апатты қызметтердің жұмысы тоқтаған жоқ. Сондықтан айтарлықтай экономикалық шығын келмеді», – деп түйіндеді Қойшыбаев.
кетсек, «Қазақалтында» барлығы 4300 адам еңбек етеді, ал Бестөбедегі кенде 1300 жұмысшы бар. Бұл компанияның ірі филиалдарының бірі.

Талқылау