Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек қалай арықтағаны жайлы айтты

Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бір жарым жылда артық салмақты қалай тастағаны жайлы айтып берді.

салтанат-1000x576

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Баспасөз қызметкеріне артық салмақтан арылуға күнделікті жаттығумен айналысу көмектескен. «Бір мезетте өзіммен айналысу керектігімді түсіндім. Бәлкім, уақыт та пайда болған шығар. Мен алдыма арықтаймын деген мақсат қойдым да, өз-өзіммен жұмыс істеуді бастадым. Маған арықтауға жүйелі жаттығумен айналысу көмектесті. Жаттығу залына күнде баруға тырысамын, тіпті кейде түн ортасында баруым да мүмкін» — дейді Әзірбек. Қазір оның салмағы тұрақталған, дегенмен ол жаттығуларын тоқтатпаған.

Сонымен қатар, ол арықтау үшін тамақтану дағдысын түбегейлі өзгерткен. Тамақты талғаммен жеуді үйренген.

Айта кетейік, Салтанат Әзірбек Ішкі істер департаментінде 13 жылға жуық қызмет еткіп келеді. Тұрмыста, екі баласы бар.

Талқылау