Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД: Алматы көшесіндегі үлкен шардан ешкім зардап шеккен жоқ (видео)

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Алматы көшелерінің бірінің жүргінші бөлігінде үлкен шардың домалап бара жатқаны туралы видеоны талқылауда. Көліктердің бұл затты айналып өтуінек не болмаса, өткізіп жіберуіне тура келуде.


ІІД баспасөз қызметінде видео зерделеніп жатқаны атап өтіледі. Алдын ала деректер бойынша бұдан ешкім зардап шекпеген.
Инстаграмда ztb_video парақшасында видеоролик пайда болды. Оның қай көшеде орын алғанын пайдаланушы нақтылап жазбаған. Сондай-ақ оның қайдан пайда болғаны жайлы да ақпарат жоқ.

Кейбір желі пайдаланушылары оны декоративтік конструкциядан құлаған зат деуде. Ал кейбірі оны құртқа ұқсатып, қалжыңға айналдыруда.

Талқылау