Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесін жақсы көретін ит ол ес-түссіз жатқан кезде қасынан бір сәтке де ұзамай қойды

28 жастағы аргентиналық Иисус Уэч өз үйінің жанындағы талдан асфальтқа құлап басынан қатты соққы алады.

Безымянный

Тротуарда жатқан ер адамды байқаған көршілері дереу жедел жәрдем шақыртқан. Осы кезде Тони деген иті ес-түссіз жатқан иесінің жанынан бір қадамға да ұзамай қойыпты.

Ит тіпті иесімен бірге жедел жәрдем көлігіне мініп те кетпекші болған. Бірақ, дәрігерлер үй жануарына қарсылық білдірген. Бақытқа орай, аса ауыр жарақат алмаған ер адам сол күні-ақ үйіне оралады.

“Біз оны көшеден тауып алғанбыз, сол сәттен бастап ол біздің отбасының бір бөлшегіне айналып кетті”, – дейді Уэч.

 

Талқылау