Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесін қорғамақ болған ит жыланның құрбанына айналды

ОАР-да иесі мен оның 2 жасар қызын қорғамақ болған итті жылан шағып өлтірді. Жүкті әйел итін жыланнан арашалауға ешқандай көмек көрсете алмаған.

2010-snake-404

Еркін мемлекет провинциясының тұрғыны 32 жастағы Карен фан дер Берг хауыз басында отырған кезде 6 жастағы Джемаль есімді итінің үргенін естігенін айтады. Әйел орнынан тұрған кезде ғана бір жарым метрлік кобраны көрген.

«Мен өзім жүктімін және 2 жасар қызым бар. Жылан жабысып қалған итіме қол ұшын бере алмадым. Джамаль – нағыз қаһарман», – деді ол. Төбет кобраны өлтіргенімен, жылан оны шағып үлгерген.

Бұл – бір аптада ОАР-да болып отырған екінші оқиға. Бұған дейін Декстер есімді бультерьер иті Кейптаун маңындағы гаражға кіріп кеткен кобраға шабуыл жасап, жыланның уытынан аман қалған. Абырой болғанда, иесі тез арада ауруханаға жеткізіп, үй сақшысының өміріне араша түскен көрінеді.

Талқылау