Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесімен қоштасқысы келмеген иті иесіне байқатпастан жолға алып шығатын чемоданның ішіне кіріп алған

28 желтоқсан күні Гонконг тұрғыны Жапонияның Хоккайдо аралына туыстарының үйіне қыдырып қайтпақшы болып жолға жиналады. Ұшақтан түскен соң, оған үйіндегілері хабарласып, итінің жоғалып кеткенін айтады. Алайда, ит ол уақытта иесімен бірге чемодан ішінде болған.

7c2a8b4d151c002dc1f59cbf76e035a7

Бұл туралы nat-geo.ru хабарлайды.

Ең қызығы, чемоданда ит бар екенін тексеріс кезінде ешкім байқамаған. Сканерден өткізу кезінде сөмкеде тірі хайуанаттың бар екенін аңғаруы керек болатын. Ұшу уақыты 5 сағатқа созылған. Сондай-ақ, әуежайдан үйге жету үшін 2 сағат уақыт кеткен. Сол уақыт аралығында иттің тапжылмай жатқаны және өзінің бар екенін білдірмегені таң қалдырды.

Мұндай жағдайға сәйкес АҚШ-та хайуанаттарды қинағаны үшін ит иесін жауапқа тартатын еді. Қазіргі уақытта жапондық мал дәрігерлері мен кеден кызметкерлері итті жылдың басында қалай алып келсе, солай алып қайту керектігін айтқан.

Талқылау