Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актриса иелері аяусыз ұрған итті өз қамқорлығына алды (фото)

Құралай Анарбекова иелері аяусыз ұрып-соғып, ойларына келгендерін істеген итті өз қамқорлығына алды. Бойжеткеннің бұл қылығы жұртты сүйсінтті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын инстаграм желісіндегі “Астаналық мейірімділер клубы” атты парақша иелері аяусыз ұрып-соғып, ойына келгендерін істеген ит туралы хабарлама жазған-ды. Аталған хабарламаны актриса Құралай Анарбекова да оқыған екен. Ол ит пен күшіктерін өзіне алуды жөн көріпті.

“Біздің ит туралы жазбамызды оқыған Құралай Анарбекова оны үйіне алып кету туралы шешім қабылдады. Ит иелерінің сорақы әрекеттерінен соң адамдардан қатты қорқып қалған. Тамақ та ішпейді. Бұрынғы иелері оны қатты ұрып, сарайда қамап қоятын болған екен. Бүгін әлгі адамдар ішімдікке тойып алып, оны өлтірмек болған. Мұны біліп қойған көршілері дереу итті құтқарып қалған.

Иттің басқа адамдарға берілен күшіктері болған екен. Құралай оларды бір-бірінен ажыратпастан, барлығын бірдей қамқорлығына алған. Күшіктері шамамен 30 миннуттай аналарының қасынан кетпей қойған. Багира да (иттің аты) күшіктерін көп уақыт көрмесе де, бірден таныпты. Видеосын сәл кейінірек саламыз. Уайымдамаңыздар, иттер мейірімді жанға берілді. Рахмет!”, – дейді аталған топ мүшелері.

Актрисаның бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті. Олар өз кезектерінде Құралай Анарбековаға алғыс айтып, ақ тілектерін жаудырды. “Алла сізге күш-қуат берсін”, “Сіз секілді жасай алмағаным үшін қатты ұяламын. Рахмет, сізге Құралай”, “Алла сізден шапағатын аямасын, Құралай”, “Әлемде мейірімді жандардың бары рас болып шықты”, “Құдайым-ай, көз жасымды тоқтата алар емеспін. Алдыларыңызда басымды иемін. Сіз мен үшін періштемен теңсіз” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин отбасылық видеосымен бөлісіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Динара Сұлтанның жанашыр қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Баян Есентаева жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуге шақырды

Ұлын арқалап тұрып ас әзірлеген Динара Сұлтан жұртты сүйсінтті (видео)

Талқылау