Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ибрагимовтің тойына бара алмаған «МузАрт» тобы жастарға ерекше құттықтау жолдады (видео)

Күні кеше Қызылорда облысында өткен Серік Ибрагимовтің тойына қазақтың жақсы-жайсандары түгел шақырылды. Серіктің кейбір сахналас-әріптестері қызмет бабымен тойға келе алмады. Олардың ішінде аты аңызға айналған «МузАРТ» тобы, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі де бар.

jyth juldizdar

Тойға қатыспаса да, аты аталған азаматтар Алтынбек Рахметовтің шәкіртін құттықтады. Жылы лебіздерін білдірген эстрада жұлдыздары жас жұбайларға видео-үндеу жолдады.

Сәкен Майғазиев: «Елдеріңізге түсіп жатқан келіннің қадамы құтты болсын. Секебай-Айнамкөз! Иманды, саналы, ақылды, білімді, саналы, парасатты перзенттеріңіз көп болсын, той тойға ұласа берсін!» – деп ақ тілегін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Сыр елінде әнші Серік Ибрагимовтің үйлену тойы болып өтті.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын сындырып алды (фото)

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау