Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ибрагимович Эйфель мұнарасының орнына өзінің мүсінін қою керек екенін айтты

Футболдан Швеция құрамасы мен “ПСЖ” футбол клубыныың шабуылшысы Златан Ибрагимович өзінің мүсінін Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасының орнынан орнатқанда ғана, келесі жылы Париждік клубта қалатынын айтты.

414

Сурет live-football.ru

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Клуб басшылығы Эйфель мұнарасын менің құрметіме ауыстыра қояды деп ойламаймын. Бұл әрине, әзіл шарт болатын. Бірақ, дәл қазіргі жағдаймен мен келесі жылы бұл командада қала алмаймын”, – дейді шабуылшы.

Ибрагимовичтің клубпен келісімі осы маусымда аяқталады. 13 наурыз күні “ПСЖ” сырт алаңда “Труамен” ойнап 9:0 есебімен, оның ішінде Златан соққан төрт голдың арқасында мерзімінен бұрын чемпиондық атақты рәсімдеп тастады. Франция чемпионатының мәресіне дейін әлі 8 тур бар.

Бұл маусымда швед ойыншысы 27 гол соғып, 11 пас берген. Сондай-ақ Златан Чемпиондар Лигасындағы сегіз кездесуде төрт доп соғып үлгерді. Футболшы “ПСЖ”-мен келісім-шартқа 2012 жылы отырған. Ол оған дейін “Аякс”, “Ювентус”, “Интер”, “Барселона” және “Милан” клубтарының намысын қорғады.

Талқылау