Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IBF Головкинге қарсылас тағайындады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF)  қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (34-0) америкалық Доминик  Уэйдпен (18-0) жұдырықтасуын міндеттеді. 1403750652000-USP-Boxing-Dominic-Wade-vs-Marcus-Upshaw

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тараптар келіссөз жүргізуде. Демек бұл GGG-нің 23 сәуірде аты мәшһүр қарсыласпен біріктірілген кездесуі болмайды дегенді білдіреді. Бұдан бұрын Головкиннің қарсыласы Туреано Джонсон болады деген. Алайда багамдық алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Уэйдтің промоутері Premier Boxing Champions басшысы Эл Хэймон болып табылады, ал Головкиннің жекпе-жегін көрсететін  НВО  телеарнасы Хэймонмен бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі.

Талқылау