Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Hermes компаниясының бұрын ұсталған Birkin сөмкесі 100 мың долларға сатылды

Baghunter онлайн дүкенінде бұрын ұсталған Birkin сөмкесі 100 мың долларға сатылды. Сөмке қара түсті жылан терісінен жасалған. Сөмкені алған VIP тұтынушының аты-жөні көсетілмеген.

pic_b8390afa80241c64e94eb601eaa28a91

Бұл туралы Luxurylaunches хабарлайды.

Компаниясының алғашқы сөмкесі 1981 жылы шығарылып, атауы британ әншісі Джейн Биркиннің құрметіне осылай аталған. Бұл сөмкелер 10 мың доллардан басталады. Ең қымбат сөмкесі Далласта 2011 жылы аукционда 203 мың долларға сатылған болатын.

«Бізге Hermes-тен көптеген сөмкелер жаңа күйінде келеді. Тұтынушылардың көбі – коллекционерлер», – дейді компания өкілі.

2015 жылы Hermes компаниясы РЕТА-ның зерттеуінен кейін сөмке үшін дауға қалған. Зерттеуде компанияның қолтырауын фермаларының жұмысы баяндалған. Олардың қолтырауынды құдыққа тастап, қалайша қинайтыны айтылды. Бір сөмке үшін 2-3 қолтырауын терісі пайдаланылады екен.

Hermes үйін 1837 жылы Францияда Тьерри Эрме құрды. Алғашында ат әбзелдері мен ер тұрмандар жасаған. Қазір теріден әр түрлі бұйымдар, киім, аяқ киім, сағат, сәндік заттар шығарады.

Талқылау