Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HBO арнасы Головкиннің карьерасындағы үздік сәттерді жариялады (видео)

HBO  телеарнасы YouTube-тегі ресми арнасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің карьерасындағы үздік сәттерді жариялады.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.


Головкин HBO телеарнасымен келісімшартқа отырған. Осы шартқа сәйкес отандасымыз жылына қанша жекпе-жек өткізетіні келісіледі, ал кездесу өткізілетін орынды боксшының командасы белгілейді.

HBO арнасы бокс кештерін ұйымдастырып, оны тікелей эфирден көрсететін АҚШ-тағы Showtime секілді екі ірі арнаның бірі. АҚШ-тың 40 миллионға тарта тұрғыны осы HBO телеарнасына жазылған.

Естеріңізге саламыз, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Forum» аренада өтеді, Қазақстан уақытымен 24 сәуір таңғы уақытқа тура келеді. Отандасымыздың бұл жолғы қарсыласы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО). Бокс кешін қай арна тікелей эфирде көрсететіні әзірге белгісіз.

Талқылау