Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хан Шатырда" 8 жасар қыз суға батып кетті: Бассейн қайғылы жағдайдан бір апта өткеннен кейін ашылды

«Хан Шатырдағы» Sky Beach Club жағажай клубындағы бассейн 8 жасар оқушы қыздың өлімінен 8 күн өткеннен кейін ашылды. Ойын-сауық-сауда орталығының әкімшілігіндегілер бассейннің бүгіннен бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, бассейндегі тергеу амалдары аяқталған. Алайда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

«Онда тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға жол бермеу) сәйкес, басқа ақпарат берілмейді. Тергеу аяқталғанда хабарлаймыз», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбаева. 

Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ойын-сауық орталығында қыз бала бассейнге батып кетті. Ол №10 мектепте 1-сыныпты тәмамдаған. Көпбалалы отбасының тұңғышы болған

Қайғылы жағдайдан кейін желіде марқұмның анасының хаты жарияланды. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндаған.

Талқылау