Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Халық пікір білдіруге құқылы": Әшімбаев митинг туралы айтты

Nur Otan партиясы төрағасынының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалаларда өткен митингілерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

МитингСурет: Sputnik Қазақстан

"Конституцияға және ҚР заңдарына сәйкес, еліміздегі барлық азамат өз ұстанымын білдіруге құқылы болғандықтан, әр азамат саяси ұстанымын ашық айта алады. Кез келген саяси іс-шара, қоғамдық-саяси акциялар заңға сай жүргізілуі тиіс. Заң бәріне ортақ. Бәріміз заңның соңынан жүруіміз керек.

Мемлекеттік орган басшылары, үкімет мүшелері, ұлттық компаниялар басшылары, әкімдер, ел азаматтары заң алдында тең. Сол себепті азаматтар заң талаптарын сақтауы тиіс", - деді  Nur Otan партиясы төрағасынының бірінші орынбасары. 

Әшімбаев 1 мамырда өткен Алматы, Нұрсұлтандағы, басқа да қалалардағы митингіге қатысты ойын айтты. 

"Адамдар пікірін айтуға, жиналуға құқылы. Бірақ бұл қатаң заңға сай болуы тиіс. Егер олай болмаса, заңды, ережелерді сақтамасақ, қоғам үшін айтарлықтай теріс салдарға әкеліп соғады", - деді Әшімбаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр