Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Уақыты келгенде ұлдарыңды тәрбиелеп, оларды адам қатарына қосылу жолында тартқан зейнетіңнің бейнетін көргенге не жетсін?! Бұл әрбір ата-ананың арманы шығар! Бұл жағынан алғанда Гүлзира Айдарбекованың арманы жоқ. Продюсер-ана күні кеше қос бірдей ұлының диплом алғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады.

19436501_245773559245671_7563617294371258368_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айдарбекованың тұңғышы Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі атанса, Қытайда оқитын екінші ұлы оқуын аяқтап, жоғары білікті маман атаныпты.

19533813_299884750422887_1370319125494104064_n

Ал күні кеше Айдарбекова мүсіні ерекше әппақ автокөлігін көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды. Бұл ретте продюсер-ана ұлдарының арқасында әркез жас болып жүретінін айтып мақтанды.

Желідегілер Айдарбекованы жаңа көлігімен құттықтауға асыққанымен, ол мүлік продюсерге тиесілі болмай шықты. Себебі:

“Көлік өзімдікі емес. Клипке деп жалдағанбыз, әдемі көліктің жанында әдемі болып түсіп көрейін деп. Баламыздың арқасында көңіл жас болып жүре берейік, айып етпеңіздер. Өзіме ұнап тұр, сіздерге ше? Барша аналарға ертегідегідей ғажап өмір тілеймін!” – деп жазды ол.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Әбдіжаппар Әлқожа жаңа клипін Iphone ұстап, Instagram-да отыратын қыздарға арнады (видео)

Салтанат Бақаева қайын әпкесінің алдауына түсіп қалғанын айтты

Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты

Талқылау