Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова үйінде келін шайдың қалай өтіп жатқанын көрсетіп мақтанды (видео)

Продюсер үйінде келін шайдың қалай өтіп жатқанын көрсетіп мақтанды.

21819535_459812774401750_1061610096166961152_n

Сурет: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлын үйлендіріп, ұлан-асыр той жасаған болатын. Енді, міне, продюсер бал айынан оралған келінінің қалай шай құятынын көрсетіп мақтанды.

“Сіздер келініңіздің шәй беріп жатқанын салыңызшы деген соң салып отырмын. Сіздерге де осындай отбасыларыңызбен, абысын-ажындарыңызбен, достарыңызбен бас қосу күндер көп болуын тілеймін!” – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары мол жайылған дастархан мен продюсердің келініне сүйсіне қарағандарын жарыса жазып жатты.  “Күшті! Келініңіз өте пәк, жүрегі таза бала екені көрініп-ақ тұр! Қазақта “Абысын тату болса, ас көп” деген сөз бекер айтылмаған”, “Құдағиыңызбен суретке түссеңізші. Жұлдыздың анасымен. Ол да отыр екен”, “Бақытты болсын балаларыңыз! Керемет анасың!”, “Келіннің шайы тәтті болсын!”, “Біз де осындай болайық! Жұғысты болсын!”, “Нағыз қазақтың дастарханы болыпты. Гүлзира әпке, тек жақсылық болсын үйіңізде”, “Палауды келін әзірледі ме екен?”, “Келін шайын ішіп жатыр екенсіздер ғой! Келініңіз ұлыңызға ұқсайды екен!”, “Келініңіз адал болсын! Өте жақсы, қарапайым жан екен. Кәдімгі қонаққа арналған дастархан жайыпты! Сіздің шынайылығыңыз бен қарапайымдылығыңызға ризамын! Алла осы ниетіңізге берсін! Отбасыңыз аман, тату, бақытты болсын! Сізді құрметтеймін, үлгі тұтамын!” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекованың күйеуінің бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды

Серікбол Сайлаубек барахолкада киім сатып қиналған күндерін еске алды

Ақбота Керімбекованы тойда ақ көйлек киюге күйеуі көндірген

Айгүл Иманбаева: Әр адам өз биігінде өледі

Талқылау