Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Ұрлық жасаған жігіттер Денисті өлтіремін деп ойламаған шығар

Гүлзира Айдарбекова Денис Теннің қазасына байланысты пікір білдірді. Қайрат Нұртастың анасы ұрпақ тәрбиесінде кеткен қателіктер жайлы ойлану керектігін алға тартты, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова: Ұрлық жасаған жігіттер Денисті өлтіремін деп ойламаған шығар

“Қаншама жүрегі қазақ деп соққан азаматтарымыз бен азаматшаларымыз қайғыруда. Себебі Денис ұлты басқа болғанымен Қазақстанымыздың азаматымын деп, көк туымызды көкке желбіретті. Біздің намысымызды қорғады. Қалайша жүрегіміз қан жыламасқа. Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді дегендей, қазағымыздың мейірімге толы жүрегін жоққа шығарғандай, өз қазақ жігіттеріміздің өлтіргені.

Иә, бес саусақ бірдей тең емес дегендей, адамдардың бәрі бірдей емес. Өскен ортаға, ұясындағы тәрбиеге тіптен, ата-бабасының қанынан келе жатқан мінезге де байланысты. Жігіттеріміз ұрлық жасамай, зорлық жасамай, өнегелі ұрпақ болып қалыптасуы үшін қандай шикілік жасаудамыз, ол жағын да ойлағанымыз жөн. Ұрлық жасаған жігіттердің де тағдырының тәлкегі шығар, бәлкім өлтіремін деген арам ойы да болмаған шығар. Қуатын болса жүгіріп жете алмасын деп ішіне сұқпай суық пышағын аяғына тыққан шығар, бәрі де мүмкін. Қаншама адамның қарғысын алып жатыр, ал ата-аналары, бауырлары күйіктен жер бауырлап өздерін қоярға жер таппай жатқан да болар. Мүмкін Денис, жігіттерімізге сабақ болсын деп өзі қыршын кетті ма, қалай болғанда да қаншама адамдарға ой салып кетті”, – дейді ол.

Гүлзира Үсенқызының пікірінше, балаларға жастай қара жұмыстың берекелі болатынын үйрету қажет.

“Миымызда 1001 сұрақ. Адамға ренжиміз ба әлде қоғамға, қоршаған ортаға ренжиміз ба? Келер ұрпағымыз үшін қандай қателіктер жіберіп отырмыз, ойланатын кез жетті. “Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым” демекші, айналып келгенде, бәріміз бір қазақтың баласымыз, қанымыз бір. Мысалыға: құрылыс салсақ, Өзбекстаннан, Түркия, Қырғызстаннан келіп біздің жерімізден напақасын тауып жатқан басқа ұлт жігіттері, мейрамxаналарда қара жұмыс жасайтын өзге ұлт азаматшалары.

Неге өзіміздің жігіттер жасамасқа? Ұрлық жасап, жеңіл жолмен табыс тауып, қарғыспен өмір сүргенше, қара жұмыс болса да неге қара тер адал еңбегімен нанын жеп алғыс алмасқа, отбасын асырамасқа. Абыройдың бәрі, берекенің бәрі осы қара жұмыстан басталатынын неге бүлдіршін кезінен үйретпейміз? Қате басып, бармақ тістеп қалмау үшін, бәрін өзімізден бастасақ, нұр үстіне нұр болатынын ұмытпайық! Алла не үшін жақсыларымызды алып жүрегімізді қан жылатады? Осының бәрін көріп, жан-жағына қарап тәубәға келсін деп сынақ береді. Бұл қайғымыз бүкіл қазақ жігіттерінің санасын тазаласа, Денистің қосқан үлесі”, – деп түйіндеді сөзін Айдарбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау