Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова немерелеріне “той” жасап, келіні Жұлдызға гаухар тасты білезік тақты (видео)

Қайрат Нұртастың отбасында қос қуаныш. Хитменнің кенже ұлы Хан күні кеше 4 жасқа толып, ата-анасын қуантты. Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлынан туған немересін қырқынан шығарып, бесікке салу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Гүлзира Айдарбекова немерелеріне "той" жасап, келіні Жұлдызға гаухар тасты білезік тақты (видео)

Гүлзира Үсенқызы Ақмөр есімді немересіне арнап кішігірім бесік той жасады. Сәбиді бесікке салу рәсімі белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Заирова мен Айдарбекованың өз келініне бұйырды.

“Өмірде қанша адамдармен араластым, бәріде керемет! Бірақ еңбекқорлығына қызыға қарайтыным, көп балалы ана, жүзінен нұр шашып тұратын, біреудің сыртынан өсек айта да білмейтін, құрбыларының және ағайындарының арасында абыройлы замандас құрбым, сіңілім Гүлбаршынның жолын берсін деп, Ақмөрімізді Тұрмыс келінім екеуіне бесікке салдырып, өкіл аналары деп ниет еттік. Қазағымыздың ырымы, салты ғой, қабыл болғай!” – дейді Үсенқызы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Өмірде қанша адамдармен араластым, бәріде керемет! Бірақ еңбекқорлығына қызыға қарайтыным, көп балалы ана, жүзінен нұр шашып тұратын, біреудің сыртынан өсек айта да білмейтін, құрбыларының және ағайындарының арасында абыройлы замандас құрбым, сіңілім Гүлбаршынның жолын берсін деп, Ақмөрімізді Тұрмыс келінім екеуіне бесікке салдырып, өкіл аналары деп ниет еттік.Қазағымыздың ырымы, салты ғой, қабыл болғай!✊

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Гүлзира ханым Әйгерімдей келінін дүниеге әкелген құдағиына алғыс білдіріп, оған таза алтыннан жасалған “брендті” әшекей сыйлады.

Бұдан бөлек, екінші келініне үлгі болып жүрген Жұлдызға гаухар тастары бар білезік тақты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау