Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатқанын сынағандарға жауап берді (видео)

Шоу-бизнес әлемінде әншілердің қыз ұзатуы дәстүрге айналып барады. Тіпті, соңғы кездері ақындар мен продюсерлер де осы көшке ілескен. Мәселен, күні кеше Қайрат Нұртастың анасы туысқан сіңлісін өз қолынан ұзатты, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін ән айту қабілеті төмен болса да, қыз ұзатқан Айдарбекованы кей тыңдармандар сынап тастаған еді. Мін тағушыларға Айдарбекованың берер өз жауабы бар.

“Ылғи да Арай қызым деп жазғанымда, қандай қызыңыз? – деуші едіңіздер. Өркен қайын інім және Тұрмыс келінімнің қызы болғандықтан әрине менің де қызым. Оның үстіне Арай қашан да жанымнан табылатын болғандықтан, мен үшін орны бөлек.Келінім Тұрмыс, отбасымен келісе отырып маған ұсыныс тастады: “Гүлеке, сіздің жолыңызды берсе бізде арман болмас еді” өкшелес келінің болып, осы отбасына келгелі өзіңнен өнеге алып келе жатырмыз, оның үстіне сенімен мақтанамыз деп.

Кезінде Тұрмысты өзім жас келін болсамда келін етіп түсіргендей қолымдағы Өркенді үйлендіруге ауылға алып барып тойына ат салысып, Тұрмыс келінімнің беташарында болып, одан кейінде өз қолымда өсіп-өніп еді. Сондай жаныма жақын отбасы болғандықтан ешкімнің әнін қайталамай, осы әннің сөзіне мән беріп, арнайы жаздырып ұзату тойында тосын сый жасауға тырыстым және жылаңқы ән айтпай ерекше болуын қаладым.

Әрине әнші емеспін, әншінің продюсерімін, біразыңыз әнші болмай-ақ қой деп ауыр сөздерде жазуларыңыз мүмкін. Парақшама шығармаймын дегенмін, көпшілік қой, қонақтардың түсіргені таң атпай тарап кетіпті. Әйтсе де қызымның тойындағы жүрек тебіренісіммен бөлісе кетейін. Бұл да болса үлкен қуаныш қой, Арайым бақытты ана, аяулы жар, еліне мықты келін болсын!” – деп жазды ол.

Жіберіп алмаңыз:

Дизайнер Жадоның ел білмейтін мамандығы қандай? (видео)

Айгүл Иманбаеваның жұрттан жасырған сүйіктісі кім?

“Нағыз әнші”: Роза Әлқожаның анасы домбырамен ән шырқап, жұртты тәнті етті (видео)

Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатты (видео)

Талқылау