Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова Даулет Болатовқа көмектеспеді дегендерге жауап берді

Осыдан бірнеше күн бұрын отандық әнші Дәулет Болатовтың ауыр дертке шалдыққаны жайлы ақпарат Қазнетті тікесінен тік тұрғызған еді. Дәл осы жағымсыз жаңалықтан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Қайрат Нұртастың командасының мазасын қашырған. Нақтырақ айтсақ, Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары жас өнерпазды қолдауын талап еткен. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген продюсер өзін сынға алған көпшілікке деген өкпесі қара қазандай.

Гүлзира Айдарбекова Даулет Болатовқа көмектеспеді дегендерге жауап берді

«Сіз неге көмектеспейсіз дегендерге таң қаламын. Ол дұрыс емес. Әр адам Алла разылығы үшін өзінің қалауымен көмектесу керек. Өйткені, әркімнің өзінің табысы бар, нәпақасы бар. Жетім бала емес. Оның да әке-шешесі бар, ағалары бар. Қаншама адамдар көмектесіп жатыр. Мен өзім Америкаға барып келдім, немерелі болып жатырмын, қонақтарым бар. Мен көбінесе жұрттың парақшасына кірмеймін. Өзімнің отбасыма ғана кіремін. Уақытым болмайды. Сондықтан көп нәрсені білмей қаламын. Дәулет жайлы халықтан естіп жатырмын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Оқырмандардың дәл бұлай дүрлігуі тегін емес. Өйткені, осыдан бірнеше жыл бұрын Қайраттың анасы Дәулетті қол астына алып, шоу-бизнесте демеген еді. Бірақ қос тараптың әріптестігі ұзаққа созылмаған.

Гүлзира Айдарбекова Даулет Болатовқа көмектеспеді дегендерге жауап берді

«Бір адамға қатып қалуға болмайды да. Сендермен бірге концерттерге шығып еді ғой деген сияқты. Иә, шығардық. Ол рас. Мен оның атын шығарып беремін деген оймен Қайратпен бірге алып жүрдім. Халыққа танытсам, көмегім тисе деген ниетпен алып жүргенмін. Әйтеуір бір атақты болып кетсе деген мақсатпен шығарғанмын. Бірақ жау жағадан алғанда деген сияқты, жағадан ала беруге болмайды», – дейді танымал продюсер.

Айдарбекованың айтуынша, Қайрат Нұртастың отбасы қайырымдылыққа жиі қатысады. Бірақ игі істері жайлы жұртқа жария қылуды қаламайды.

Гүлзира Айдарбекова Даулет Болатовқа көмектеспеді дегендерге жауап берді

«Біздің қаншама халыққа көмектеспей қалған кезіміз жоқ. Бір күнде кем дегенде 30-40 адам қоңырау соғады. Шынын айтқанда миымыз ашып кетеді. Тек қана көмек сұрау. Бірақ сізге көмектесейік деген біреу жоқ. Маған ешкім осы уақытқа дейін көмектескен емес. Сондықтан біреудің жанын жеуге болмайды», – дейді Гүлзира.

Дәулетке қаржылай қолдау көрсету жөнінде Қайрат Нұртастың өзінен де сұраған едік. Хитмен өнердегі інісіне көмектесуде қол қусырып қалмайтынын жеткізді.

«Хабардармыз! Талай көмектеріміз тиген де, тиеді деген де ой бар Құдай қаласа. Жазылып кетсін деп тілеймін. Құдай қаласа әлі хабарласып, қолдаймыз ғой», – деп Қайрат Нұртас қысқа ғана қайырды.

Айта кетейік, дүйім жұрт Дәулет Болатовтың ауыр сырқаты жайлы әншінің фан-парақшасынан хабардар болған еді. «Жұлдыздар фабрикасы» жобасы арқылы көпшілікке танылған жігіт 24 жаста. Бүгінде өнерпазға шоу-бизнес өкілдері инстаграм арқылы қолдау көрсетіп жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау