Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Әлімгерейдің күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

Бүгін еліміздің Ішкі істер министрлігінде министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі таныстырылды. Бұл қызметке танымал журналист Нұрділдә Ораз келді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Гүлназ Әлімгерейдің күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ораз Нұрділдә Серікұлы министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі қызметіне тағайындалды.

Нұрділдә Ораз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ “Болашақ” бағдарламасы бойынша АҚШ-та (Калифорния, Флорида) білім алған. Мамандығы бойынша журналист, заңгер.

Ол бұдан бұрын «Қазақстан», «31 арна», «Астана» республикалық телеарналарында тілші, редактор болып жұмыс істеді, Астана қаласының ІІД Баспасөз қызметінің бастығы, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары және ресми өкілі, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Айта кетсек, Нұрділдә Ораз – тележүргізуші Гүлназ Әлімгерейдің күйеуі. Бүгінде олардың 3 баласы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау