Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнар Кәрімованың ұлы анасының өліміне байланысты ақпаратқа пікір білдірді

Өзбекстанның бірінші президенті болған Ислам Кәрімовтың немересі өзінің анасы Гүлнар Кәрімованың өлімі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

754598886042651

Фото:Fotobank/Getty Images

“Би-би-сидің” өзбек қызметіне сұхбат берген ол, бұл жағдайды “жәй ғана өсек” деп бағалаған.

Анасының тірі екенін хабарлаған 23 жастағы Ислам Кәрімов, алайда оның 2014 жылдың ақпан айынан бері үй қамағында отырғанын жоққа шығармады. Ол сондай-ақ, өзінің әпкесі Иман Кәрімованың үй қамақтан шығарылғанын, бірақ елден шығуға тыйым салынғанын айтты. Ал кіші Кәрімовтың өзі Лондонда тұрады.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Гүлнар Кәрімованың уланып өлуін қайтадан жоққа шығарған еді.

Қазан айының басында Твиттерде Гүлнар Кәрімованың атымен аккаунт пайда болған. Алайда журналистер аталмыш аккаунт жалған дейді.

Гүлнар Кәрімова 1972 жылы туған. Өзбекстанда біраз мемлекеттік қызметте істеген. 213 жылы ірі қаржылық шудың ортасында қалып, кейін үй қамаққа алынған. Ол биылғы жылы қайтыс болған әкесі Ислам Кәрімовтың да жерлеу рәсіміне қатыспады.

Оқи отырыңыз:

Мұғалімі интернаттағы тұрмысы төмен 13 жасар оқушысын 10 мың долларға сатпақ болған

Татарстанда оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім әйелге үкім шықты

Мейрамхана қонағы тәрелкесіндегі етті көріп есінен тана жаздаған

Көлік жүргізушілері WhatsApp-тағы топ арқылы тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда

Талқылау