Ғылым жолын қуған әншілерді сынға алғандарға Тамара Асар жауап берді

Ғылым жолын қуған әншілердің қатарында Тамара Асар да бар. Өнер иесі биыл философия ғылымдарының докторы атанған болатын. Ол Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасын тәмамдаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тамара Асар

Бұл орайда Тамара Асар әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа қаратылып айтылған сыннан хабарсыз екенін жеткізді. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында ол ғылым жолын қуған әншілерді сынға алғандарға жауап берді.

“Халыққа да, ғылыми жұмыстың жан-жағында жүрген өзімнің ұстаздарыма да бір ғана айтар өтінішім бар. Халықтың сауатын көтеру үшін – әншілерді, өнер адамдарын сауаттандыру керек. Сондықтан ол атақ үшін емес деп ойлаймын. Мен өзім жеке қызығушылығымнан бастадым, кейін ғылым жолына түстім. Бірақ мен ғалымдармен пара-пар болып, қасында жарысып тұрамын деп айта алмаймын. Бірақ менің сауаттануым міндетті. Ол мен үшін борыш, парызбен бірдей. Себебі мен халықтың алдына шығамын. Менің сөзім де, өзім де сауатты болуым керек. Ғылыми білімім болуы керек”, – дейді Тамара Асар.

Өнер иесінің айтуынша, әншіден ғалым шықпауы мүмкін. Дегенмен, оның сөзі де, өзі де сауатты болуы тиіс.
“Қай кезде де өнер адамдары оқып, ғылыммен айналысуы керек. Себебі бүгінгі беретін тәрбиенің, ертеңгі қалатын тарихтың бір бөлшегін ұстайтын өнер адамдары.

Әншіден ғалым шықпайды деген әңгімелер айтылуы мүмкін. Иә, мүмкін жаңалық ашпауы мүмкін. Бірақ сауатты ғылыми жұмыстарымен айналысуы керек. Өзімнің әріптестерімнің білімге қарай бет бұрғанына қуаныштымын. Көбею керек. Қуанышты жағдай болса да, қиын жағдай болса да халықтың алдына ең әуелі саясаткер мен екінші өнер адамы шығады. Қай кезде де патшаның сарайында да оның жырын жырлап, сөзін құптаған өнер адамы. Халықтың жоғын жоқтаған да сал-серілер мен әншілер”, – деп түсіндірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар