Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғылым не дейді: Жүгірудің миға таңғажайып пайдасы туралы біле жүріңіз

Шығармашылық құлдырауға ұшыраған болсаңыз, жүгіріңіз. Дұрыс шешім қабылдай алмай тұрсаңыз, жүгіріңіз. Мұңайып, жылап отырсаңыз, жүгіріңіз. Жүгіруді жақсы көретін спортшылар барлық сұраққа осылай жауап береді.

Бұл туралы nogibogi.com басылымы хабарлайды.

Жүгіруден кейін адам өзін жаңа туған баладай сезінеді. Бұл сөздерді ғылым да қоштайды. Соңғы 30 жылдан бері нейробиолог мамандар жүгірудің адам миына қандай пайдасы бар екенін анықтауға тырысып жүр. Осы уақыт ішінде олар аэробикалық жаттығулар мен мидың тың болуының арасында үлкен байланыс бар екенін анықтаған.

“Соңғы 8 жылда қабылдаған маңызды шешімдерімнің дұрыс болуына жүгіру септігін тигізген болатын”, – дейді кинорежиссер әрі блогер Кэйси Нейстат “Runner’s World” журналына берген сұхбатында.

Ал тағы бір спортшы Монте Дэвис жүгірудің әлдеқайда қиын екенін айтқан болатын. Мұнымен қатар, жүгіру кезінде миында бір ерекше айқындылықтың пайда болатынын айтқан-ды. Жуырда нейробиолог мамандар адамның миында санаулы жүйке талшықтарының бар екені туралы айта бастаған болатын. Адам белгілі бір жасқа толғаннан кейін жаңа жасушалардың пайда болуы тоқтайды екен. Сол себепті, бұл салада ең маңызды ашылулардың бірі – нейрогенезис.

Жануарларға жүргізілген тәжірибе нәтижесінде мида жаңа жасушалардың өмір бойы пайда бола беретіні анықталған. Ал жаңа жасушалардың пайда болуына аэробикалық жаттығулар көмектеседі. Жаттығулар нәтижесінде адамның есте сақтау қабілеті жақсарады екен. Яғни гиппокампте жаңа жасушалар пайда болады.

“Әр 30-40 минут жаттығудан кейін миыңызда жаңа жасушалар пайда болып, есте сақтау қабілеті жақсарады”, – дейді Америка нейропсихология клиникалық академиясының президенті Карен Постал.


Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі Экхарт Толленің бақыт пен байлық туралы 5 нақыл сөзі

Небәрі 7 күннің ішінде өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келе ме?

Қазақстанда тұңғыш рет сәйкес келмейтін донордың бауырын салу бойынша операция жасалды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Талқылау