Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан министрі Қазақстанды Каспий теңізін ластады деп айыптады

Әзірбайжанның экология және табиғат ресурстарын қорғау министрі  Гусейн Багировтың айтуынша, платформадағы өрттің салдарынан су бетінде мұнайдан қалған дақтар осының айғағы

kaspiiskoemore

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Министрдің айтуынша, су бетінде пайда болған дақтар «конденсат қалдықтары» болып табылады.

“Каспийдің Қазақстан жақ секторында сонау Кеңес кезеңінен қалған скважиналар пайдаланылып келеді. Қандай да бір төтенше жағдайлар бола қалса,  дәл осы скважиналар  Каспийді ластайды» – деді Багиров. Министр мұндай скважиналардың Әзірбайжанда да бар екенін, алайда олардың өте аз екенін айтты.

Каспий теңізіндегі «Гюнешли» мұнай платформасында 4 желтоқсан күні күшті жел газ құбырын жарып кетіп, салдарынан өрт шыққан болатын. Мұнай скважиналарындағы өрт сөндірілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек жеті адамның мәйіті табылып, 33 адам құтқарылып, 23 адам із-түзсіз жоғалған.

Талқылау