Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлнұр Оразымбетованың ескі суреті желі қолданушыларын шошытты 

Әлеуметтік желіде отандық жұлдыздардың осыдан бірнеше жыл бұрын түскен суреті жарияланды. Фотода Жеңіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, Шахизада, Гүлнұр Оразымбетовалар бар. Отандық танымалдардың ескі суретіне таңырқай қараған жұрт оларды әбден талқыға салған, деп жазады Stan.kz.

Гүлнұр Оразымбетованың ескі суреті желі қолданушыларын шошытты

Архивтегі естелігімен желіде Айгүл Иманбаева бөлісті. 

"Мына фотоға қалай қарайсыздар? Арxив. Қай жыл деп ойлайсыздар? Кімді таныдыңыздар?" - деп жазды ол. 
Оқырмандар эстрададағы танымал бикештерді бірден таныды. Олар он шақты жыл бұрын "сызылған" қас сәнде болғанын еске алып, келіншектердің айтарлықтай өзгермегенін атап өткен. 

Тек Гүлнұр Оразымбетованы бірден тани алмаған жұрт оның жас күнгі келбетін сынға алды.

"Гүлнұрдың түрін-ай", "Қастарыңыз бір сызық", "Сіз ғана табиғи сұлу екенсіз, Айгүл", "Гүлнұр Оразымбетованы танымай қалдық", "Қазір бәрі әдемі, мұнда Гүлнұр мүлдем басқа", - деп пікір білдірді олар.  

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр