Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гуанчжоуда аварияға түскен қазақстандық студентке сақтандыруы төленбейді

 Гуанчжоуда жол апатына түскен қазақстандық студенттің мопед жүргізуге куәлігі болмаған, – деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

© Mandarin

Олардың айтуынша, сақтандыруды рәсімдеуге студенттер оқитын университет қолғабыс етеді. Алайда Ерлан Амангелді мопедті жүргізу куәлігінсіз басқарғандықтан сақтандыруы қаражат өтеп берілмейді.

Mandarin сайтында жариялуынша, жігіт мопед жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, жолдың жигіне соғысқан. Студент есінен танып қалған. Онымен бірге болған Нарғыз деген қыз жарақат алған. Олардың арттарынан келе жатқан тағы екі студент бірінші медициналық көмек көрсеткен. олар бірден  ауруханаға жеткізілді. Операцияның құны, емі және кейінгі күтімі Ерлан Амангелдіұлына 200 мың юань (30 мың доллар) тұрады, күн сайынғы шығыны – 5000 юань. Зардап шеккен студенттердің достары көмек сұрайды.

Талқылау