Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жібек жолы” арқылы ҚХР-нан Грузияға алғашқы пойыз келді

Грузия астанасы Тбилисиге келген алғашқы жүк пойызы “Жібек жолы” жобасы аясында салынған темір жолмен Ресей арқылы жүріп келген. Транзитті пойызды салтанатты түрде Грузияның премьер-министрі Иракли Гарибашвили “Тбилиси централь” стансасында күтіп алды.

d1108750bf8deb664341f4e59af76f72__660x

Фото: Facebook.com/GaribashviliOfficial

Пойыз әрі қарай транзитті-кавказды тасымалмен Түркияға жол тартпақ.”Символикалық пойызымыздың Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан ЕО елдерінің туымен безендірілгені үшін қуаныштымын. Біз енді 8-10 күн арасында Грузиядан жүкті қабылдап, сосын 3-5 күн ішінде Европа елдеріне тасымалдай аламыз”, – деді премьер-министр.

Оның айтуынша, бұған дейін Қытайдан Евро Одаққа жүкті 40 күн жүріп, теңіз жолдары арқылы тасымалдайтын. Қазір одан әлдеқайда тез жеткізетін болған. “Жібек жолы” маршруты Қытайдан Европаға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы өтеді. Аталған жүк пойызы Ресей шекарасы арқылы айналады.


Ұлы Жібек жолы туралы 10 мәлімет

Талқылау