Грузияда қазақстандық турист жоғалып кетті

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 22:14

Грузия ішкі істер министрлігі сол елде жоғалып кеткен қазақстандық турист Сергей Трофимовты іздеуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

грузияда

Қазақстандық туристің жоғалғанын әлеуметтік желіде досы  Дүйсенбинов жариялады. Ол Сергеймен 23 шілдеден бастап байланыс үзілгенін жазды. Айтуынша, Қазақстан, Ресей арқылы автостоппен саяхаттау барысында Сергей 6 шілдеде Грузияға барған. Владикавказ жағынан шекараны қиып өткен. Тбилисиге барып, сонда 13 шілдеге дейін болған. Онымен байланыс үзілгенге дейін ол Боржоми, Кутаиси, Сванетии, Местии және Ушгулиде болған.

«22 немесе 23 шілдеде Сергейді Ушгулиде көрген. Сол жерде түнеген болуы мүмкін. Орналасқан жеріне тауға барамын деп сөмкесін қалдырған. Шхар тауы болуы мүмкін. Онымен бірге 2 ағылшын тілді турист болған, олар израилдықтар болуы ықтимал. Сол күні Геленджиктен досы Сергейге күндіз 12-де WhatsApp-пен хабарлама жіберген, хабарлама оған жетіп, оның оқығанын білдіретін екі көк белгі шыққан», – деп хабарлады Дүйсенбинов.

Жайнақов хабарлағандай, қазақстандықты грузиялық полицейлер іздеуде. Қазақстандық дипломаттар Грузия құқық қорғау органдарымен байланыста.

«Бұл мәселе Грузиядағы Қазақстан елшілігі басшылығының бақылауында. Қазір іздеу шаралары жүріп жатыр. Дипломаттар оның азаматтық жұбайымен байланысқа шықты. Қолдарынан келгенше тиісті көмек көрсетеді. Бұдан басқа, біздің азаматтың жоғалғаны жайлы Грузия СІМ хабарлар етілді, елдің ІІМ-ге сауал жіберілді», – деп атап өтті Ә. Жайнақов.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар