Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузия президенті секспен айналысудың ұят тірлік емес екенін айтты

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили соңғы күндері әлеуметтік желілерде пайда болған грузин саясаткерлерінің жыныстық өмірлеріне қатысты көрсетілген бейнематериалдарға түсініктеме берді. Ол сондай-ақ, өзінің де сексуалдық өмірінің өте бай екенін айтты.

15-03-16-prezident_gruzia

Сурет sputnik-georgia.ru

Youtube порталында жарияланған бейнежазбада секспен айналысқан тұлғалардың кім екені жасырылғанымен, олардың саясаткерлер екені айтылып өтеді. Осыған қатысты президент те пікір білдіріп, жыныстық қатынастың жалпы сипаттамасы ешқандайда ұят емес екенін жеткізді.

«Мен қоғамға секс пен сексуалды өмірдің ұятты нәрсе емес екенін ашық айта аламын. Менің өзімнің бай сексуалды өмірім бар және оның болашақта та солай боларына сенгім келеді… Мына жиіркенішті видеоны тарататын кез келген адам жазаланатын болады. Ол сексуалды өмір жиіркенішті болғандықтан емес, соны түсіріп таратушылықтың жиіркенішті екендігіне байланысты», – деді Маргвелашвили «Рустави 2» телеарнасының эфирінде.

Президент осылайша арандатушылық жасағылары келетін барлық «қара күштерге» бұған көзқарастардың әртүрлі болатындығына қарамастан, барлық уақытта да мұндайға түсіп қалғандардың қорғалатынын жеткізді. Грузия басшысы сондай-ақ осындай видео түсіретін барлық «оңбағандарды» жазаға тартуға уәде етті.

Талқылау